Пара туралы хабар беріп, миллионер атанды

697

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны пара туралы хабар беріп, 4 миллион теңгеге ие болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс-К басылымына сілтеме жасап. 

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері берілген ең жоғары сыйақы осы.

Қазақстанда былтыр жемқорларды ұстап берген азаматтарды ынталандыру жүйесі енгізілді.  


"Параның немесе келтірілген залалдың соммасы 1 000 АЕК-дан аспайтын болса, хабар берген азамат қылмыстың ауырлығына қарай 30 бен 100 АЕК аралығында сыйақы алады. 

Ал 1 000 АЕК-дан асатын пара жайлы хабар жеткізсе, сыйақының көлемі 10%-ды құрайды, бірақ 4 000 АЕК-дан аспауы тиіс. Мысалы, егер пара немесе келтірілген залал құны 50 миллион теңге болса, хабар берген адам сот шешімі шыққаннан кейін 5 миллион теңгеге ие болады", – деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі. 

Жемқорлық туралы фактіні 1424 нөміріне хабарлауға болады. Саналы азаматтар туралы ақпарат құпия сақталады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.