Қызылордада өрт 800 шаршы метр аумақты қамтыған

1 269

Қызылорда қаласында ЦКЗ маңын қара қою түтін басты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Бүгін 13 - маусым күні қала сыртындағы Қаратоғай көшесінде орналасқан "Smart rubber" ЖШС ауласында автокөлік алаңында дөңгелектер жанғаны белгілі болды. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша сағат 11 шамасында өрт бастау алған. Қазіргі таңда өртті алауыздықтау үшін оқиға орнына ТЖД 45 адам және 9 техника, ал Апаттар медицинасы орталығы филиалы 4 адам және 1 техника жұмылдырылғаны белгілі болды. 



"Smart rubber" ЖШС аумағындағы - 800 шаршы метр аумақтағы автокөлік алаңында ескі дөңгелектер жанған. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыс жасалуда.»,- делінген Қызылорда Облыстық Төтенше Жағдайлар Департаментінің мамандары. 




Сонымен қатар, тілсіз жаудың экологиялық тұрғыда қоршаған ортаға келтірілген зияны заң талаптарына сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.