Полигонда Әскери қызметкер қаза тапты
Абай облысындағы полигонда әскери қызметкер қаза тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай өңірлік гарнизонының мәліметінше, оқиға 5 - ші наурыз күні Абай облысындағы қорғаныс министрлігінің полигонында болған. Ресми нұсқа бойынша, қайғылы оқиға әскери техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуынан орын алған. Шамамен сағат 09:40-та Семейден 40 шақырым қашықтықтағы Абай тасжолындағы полигонда "КРАЗ" жүк көліктерін сүйреп апару кезінде 1985 жылы туған кіші сержант көліктердің арасында қысылып қалған. Әскери қызметкерді Семейге ауруханаға алып кетсе де, жол бойында алған жарақаттарынан қаза болған. Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.







