7 жасар шөбересін зорлаған атаға үкім шықты
Астана соты жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен 82 жастағы ер адамға шешім шығарған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс баланың туған күніне туыстары жиналған кезде үйде болған. Үлкен атаны оқиға орнында отбасы мүшелері ұстап алған. Бұл мән-жайлар куәгерлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптама нәтижелерімен, соның ішінде генетикалық тестімен расталған.
Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Жыныстық зорлық-зомбылық көрсету" бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
Дина Смайлованың айтуынша, қыздың анасы 2025 жылдың 5-6 сәуіріне қараған түні оқиғадан кейін бірден баланы тексеруге апарып жатқанда, NeMolchiKZ қорына хабарласқан.
Құқық қорғаушы отбасы ішінде айыпталушының жасы үлкен деп, істі сотқа бермеуге көндірмек болғандар болғанын атап өткен.







