Перизат Қайрат басқарған қор жабылатын болды
«Біз Біргеміз Қазақстан 2030» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Перизат Қайрат басқарған ұйымды тарату ұсынылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді.
Ұйым 2021 жылдың қазан айында тіркелген. 14 ақпанда қорды мәжбүрлі түрде тарату туралы талап арыз сотқа берілді.
Қаржылық мониторинг агенттігі «Біз Біргеміз Қазақстан 2030» ұйымының тіркеуін жою рәсімін бастады. Себебі ұйымды құру барысында заңнама бұзылған. Сондықтан бұл ұйымды сот шешімімен таратуға тура келген.
Қаз
Рус






