Оқушы қыз мектепке бармау үшін ата-анасының ұратынын айтқан

377

Өскеменде оқушы 111 шұғыл көмек көрсету қызметіне хабарласып, ата-анасының соққыға жыққанын айтқан- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Шұғыл көмек көрсету қызметінің психологы 18 қазан күні полицияға келген. Сөзіне қарағанда, оған 12 жасар қыз хабарласып, сіңлісі екеуін ата-анасының ұратыны жайлы айтқан. Жасөспірім 111 телефон нөміріне шағым түсіруге болатынын ғаламтордан білген. Полициядағылар қызға және оның ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

"Тексеру барысында қыздың бұл оқиғаны мектепке бармау үшін ойлап тапқаны анықталды. Анасы қызын қосымша сабаққа жазып қойған, бірақ қызы барғысы келмей, ата-анасына қатысты осындай хикая ойлап тапқан", – деді Өскемен полиция басқармасының жетекшісі Андрей Мула.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.