Әскери қызметтен босатуға уәде берген алаяқ әшкереленді

1 510

Фото:© pexelsАқтөбеде полицияға әскери қызметке шақыруға байланысты медициналық комиссиядан өтіп жүрген 20 жастағы тұрғын жүгінді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Mail.kz сайтына сілтеме жасап.      

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс азамат 250 мың теңге көлеміндегі сыйақыға әскери қызметтен кейінге қалдыру рәсімін жасап беруге уәде еткен. Оның сөзіне сенген жас жігіт көрсетілген соманы қолма-қол тапсырған. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпай, берген уәдесін орындамаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізген. Ол 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Тергеу барысында оның алған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталған.
Аталған факті бойынша алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция азаматтарды сақ болуға шақырды.

"Әскери қызметтен босату немесе кейінге қалдыру, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу сияқты мәселелерді ақша арқылы шешіп беремін деген адамдарға сенбеу қажет. Мұндай ұсыныстардың басым бөлігі - алаяқтық әрекеттері",- делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, әскери қызметке қатысты барлық шешімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы қабылданады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.