Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады

1 338

Фото: canva.comҰлттық статистика бюросының мәліметінше, баға бір жылда 4 пайызға көтерілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өсім Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында байқалады. Екінші нарықтағы үй мен жалға берілетін пәтер бағасы да ырыққа көнбей тұр.

Соған қарамастан, былтыр баспаналы болғандар аз емес. Бір жылда сату және сатып алу бойынша 400 мыңға жуық келісім жасалды. 

"Баспана күрт қымбаттайды" деп, алдын ала дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Баға өсімі сұранысқа байланысты болады. Қазір доллар құбылып, құрылыс материалдары қымбаттаған соң, сұраныс төмен. Тиімді ипотекалық бағдарламалардың аздығы тағы бар. Осының бәрін ескерсек, баға жыл соңына дейін 7 пайызға өсуі мүмкін. Дегенмен қосылған құн салығына қатысты шешім нарыққа әсер етуі мүмкін екенін айта өткен жөн, - дейді Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлтер қауымдастығының президенті Лариса Степаненко.