Спорт басқармасының қызметкерлері 56 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

1 743

Фото: Алматы спорт басқармасының баспасөз қызметіСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматыда спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету фактісі бойынша Спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр”, – делінген агенттік хабарламасында.

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді. Тергеу жалғасып жатыр.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.