Кәсіпкерлік іс пайда табу үшін қызмет етеді

238
Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш.

Кәсіпкерлік — ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. 
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

Дербестік және тәуелсіздік;
Экономикалық ынталылық;
Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
Жаңашылдық.
Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші- мол пайда табу.

Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды.

Тұрғылықты өмірде, кәсіпкерге барлық бизнеспен айналасатындарды жатқызылады. Алайда осы сөздің мәнінің ең қатал түрінде, бұл нарықта іздеушілік мақсатпен ерекшеленетін адамдарды атайды. Кәсіпкердің өзі жаңа нарықты зерттеп, қабылдауы қажет емес.

Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:

Үлкен табысқа ұмтылу.
Тәуекелге бару.
Жаңашылдыққа ұмтылу.
Кәсіпкерлік- табыстың алуы мен жеке табысқа бағытталған азаматтардың жеке ықыласы.

Кәсіпкер әр түрлі шаруашылық қызметтерін заңмен тыйым салынбаған тауарды сатып алушылық, консультанттық және басқа қызметтерді орындай алады.

Кәсіпорын —  бұл мүліктік негізді шаруашылық бірлік, бұл өндіру- шаруашылық мәселелерді шешуге бейімделген және өздігінен өндіруге негізделген.

Жалпы экономикалық    Нарық субъекті ретінде кәсіпкерлік ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің әділдікпен келіскен рөлі. Кәсіпкерлік тауар өндеуі мен оларды нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы экономикалық өсудің анықтайтын щарттарының бірі.
Ресурстық    Кәсіпкерліктің дамуы өндірілетін және шектеулі ресурстарды қолданумен болжамдалады. Және де ресурсы деп, барлық материалдық, материалдық емес шарттары мен өндіріс факторлары. Кәсіпкер ресурстардың иесі болғандықтан, олардың рационалдық қолданылуында құштар болады.  Алайда максималдық табыс қуалаушылық кері процеске әкелуі мүмкін: еңбектік, табиғи және қоғамдық ресурстар уақытымен тозады.
Кәсіпкерлік қызметінің процесінде жаңа идеялардың қолдануы және қойылған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды өңдіру.

Әр әрекетті тұлғаларда істің биленушісі болатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар, тапқыр, барлық қиыншылықтарды өтіп, өзіне табыс әкелетін істі ашатын адамдардың жаңа қабатын құрастырады. Кәсіпкерліктің дамып, өсуі, жұмыс орындарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін қысқартады және жалданушы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын көтереді.
Өзінің ісінің ұйымдастыруын шешуімен, оның диверсификациясымен кәсіпкерлік басқарудың ұйымдастыруында, күрделі кәсіпкерлік құрылыста, кәсіпкерлік фирманың қызметінде стратегиясының өзгеруінде көрінеді. Бұл функция серіктік «жүйелік» кәсіпкерлікте және халықтық кәсіпкерліктің құрылуында айқын көрінеді.
Сонымен, кәсіпкерлік қоғамдық табыспен өзінің жеке табысымен байланыстыру негізінде табыс алу мақсатына қаржының салуымен байланысты қызмет болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектері жеке тұлғалар және серіктердің қосылулары болып табылады.

Кәсіпкерлік мақсат- белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсаттты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:

Шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі. Әр кәсіпкер заң шегінде, сұрақтарды шешуге құқылы.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты мақсаты- мүмкін болатын табыстың максимумын алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Әр келкі ең бұрамалы есептеулерде тәуекелділік анықталмайды.
Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір- бірімен байланысқан және бір уақыт мезетінде іске асырылады. Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Сонымен, мынадай шешімге келуге болады, кәсіпкерлік пен жаңашылдық қоғамда бір бүтінді анықтайды.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін нақты шарттар қажет: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б.

Экономикалық шарттар- бұл тауарлардың ұсынуы мен оларға деген сұраным, тұтынушылар ие бола алатын тауар түрлері, ақша қаржысының көлемі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі немесе көп болуы;

Кез- келген кәсіпкерлік іс тиісті құқықтық орта шегінде іске асырылады. Сондықтан, қажетті құқықтық шарттардың құрылуы үлкен мағына береді.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай- ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Кәсіпкерлікті тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.

Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату- сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған  кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары,- себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағында қамқорлығында. 
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі- акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестірені сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады.

Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг жүйесі мен венучерлік кәсіпкерлігі жатады.

Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;
Халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;
Ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік- саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық- құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс- әрекетте болады, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір- бірімен жасаған келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі, болып қала берді.

Нарық экономикасында, әміршіл- әкімшіл экономикасынан өзгеше, тауар- ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын»  деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде- меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.

Нарықтық түсінім жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру- құықтық формасы емес, ол тек мүліктік кешен- ғимараттардың, құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде болады, сондықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске түспейді.

Унитарлық кәсіпорынның бір түрі- федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.

Заңды тұлғаға өзінің меншігіндегі, немес, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.

 Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп тұтатын ұйымдар жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында бөлуд мақсат етпейтін ұйымдар жатады.


Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.

Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.

 Унитарлық кәсіпорын- бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.

Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық немесе, діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.

Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемді негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызметтерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.

Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қадеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы болады.

Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін.
Отандық кәсіпкерліктің қайта жандануын шартты түрде төрт этапқа бөлуге болады: Біріншісі, комсомолдық ұйымдасуларда жастардың шығармаларының ғылыми- техникалық түрінде пайда болуы мен жұмыс істеуінде құрылды. Олардың қызметтері ғылыми- техникалық проблемаларды шешуге жұмсалған. Әрине, «комсомолдық» кәсіпкерлік басым күшіне ие болмаған, алайда көптеген саудалық құрылымдар алғашқы капиталдың жиналыуын алды.

Нәтижесінде, мемлекеттің өзі ұтылыста қалады. Экономиканың тұрақтандыруын да, өндірістік төмендеу қиындықтарын жеңуінде инфляцияда кәсіпкерлік құрылымдар рөлінің маңыздылығы азғантай. Құрылатын кәсіпорындар өндірістік іс- қимылдарын өтіп, делдалдық, банктық, қызмет сфераларын, капитал айналымына тез ие бола алатын сауда сфераларына ұмтылады. Сауда саттық үшін қайнар көзі импорттық сатылымдар, дамушы мемлекеттерге рейс жасауларды  және де мемлекеттік сауданың тауарлары мен қоректену өнімдері болып табылады.

Алынған табыс өндірістік инвестицияларда қолданбайды, керісінше, айналыс сферасына немесе мүлік не валютаға салынады. Көпшілік мінезі нақты іс қимыл мен валютаның көлемін жасыру сипатына ие болды.