Жалағаш: Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

1 166

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіЖалағаш ауданының құрылыс саласында қарымды істер көп. Қазірде “Бибігүл ана” дүкені  түгел ауданды құрылыс заттарымен қамтамасыз етуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жарға жапсыратын түрлі түс қағаздар, желімдер, ұнтақтарды бір дүкеннен-ақ табуға болады. Бүгінде аядай ғана жерді ауқымды құрылыс дүкеніне айналдырып, татымды тірлік атқарып жатқан кәсіп иесі өнімдерін Қызылорда қаласына жөнелтіп жатыр. Алдағы уақытта Шымкент, Ақтөбе қалаларын қамту жоспаларында бар.

Құрылысы былтыр көктемде басталды. Қазірде кәсіпорыннан кафель желімдері, үйдің төбесі мен еденге пайдаланатын 6 түрлі өнім шығады. Құрылыс заттарын дайындауға 6 жұмысшы жұмылдырылған. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие ұсынылып жатыр, осы зауытты салуға көп көмегі тиді. Қолдау бар. Өндіріс орындарын көптеп салу кәсіпкерге ғана емес аудан тұрғындары үшін де тиімді. Бағасы нарықтан арзанға түседі, сонымен бірге жұмыссыздықты азайтар еді. Ерінбей кәсіптің көзін зерттесең мемлекеттен қаржылық көмек ұсынып жатыр,– деді кәсіпкер.

Аудан басшылығы кәсіпкерлік саласының дамуына үлкен мән беріп, осы бағыттағы жаңа бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді. Нысанның ашылуы ауданның экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға да ықпал етеді.


Бұл нысан кәсіпкерліктің түрлі салаларын қамтуы мүмкін: бөлшек сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және басқа да бағыттарда қызмет көрсетеді. Жергілікті билік өкілдері жаңа кәсіпкерлік нысандарды қолдау арқылы ауданның экономикалық дамуын нығайтуды және тұрғындарды жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз етуді көздеп отыр.


Жалағаш ауданында кәсіпкерліктің дамуы ауданның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге де ықпал ететіні сөзсіз.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.