Қызылорда облысына қарасты аурухана тағамдарын құрт басқан
720
Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауылдық ауруханада науқастарға берілетін өнімдердің құрт басқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде Шиелі аудандық Сұлутөбе ауылдық ауруханасының асханасында қызмет еткен әйел жариялаған болатын. Видеода ас бөлмесінде тарақандар мен құмырсқалар өріп жүргенін аңғаруға болады.
Бейнежазба авторы осы медициналық мекемеде бұрын асхана қызметкері болып жұмыс жасағанын жасырмады. Экс-қызметкердің айтуынша, ол ауылдық аурухананың асханасында асхана қызметкері болып жұмыс істеген. Тіпті аурухананың науқастарға беретін дақылдардың құрт басып кеткендігін де атап өтті.
Ал, тұрғындар бұл жағдайға наразылықтарын жарыса жазуда.
Ал, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталмыш жазбаға:
Осы орайда, Шиелі аудандық ауруханасы:

Науқастарға берілетін тамақтың бәрі құрттап кеткен. Мерзімі өткен өнімдердің бүлінген жерлерін кесіп тамақ дайындап бердік. Біз үнсіз жұмыс жасадық. Құзыретті органдар ауруханада тексеру жүргізілсе екен, - дейді асхана қызметкері.
Ал, тұрғындар бұл жағдайға наразылықтарын жарыса жазуда.
«Осы уақытқа дейін сіз бұл тағамды адамдарға үнсіз бердіңіз, неге бұл туралы бұрын жазбағансыз?»,
«Автордың кінәсі жоқ. Басшылықтан келген тапсырма орындалады. Пікір білдірушілердің басым көпшілігі мекеме қызметкері сияқты», «Құрсын, құрттаған тамақты адамға қалай дайындап бердіңіз?»- деген пікір қалдырды желі қолданушылары.
«Автордың кінәсі жоқ. Басшылықтан келген тапсырма орындалады. Пікір білдірушілердің басым көпшілігі мекеме қызметкері сияқты», «Құрсын, құрттаған тамақты адамға қалай дайындап бердіңіз?»- деген пікір қалдырды желі қолданушылары.
Ал, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталмыш жазбаға:
Шағым басқармаға қарасты медицина ұйымдарында орын алмағандығы анықталды,-деп атап өтті.
Осы орайда, Шиелі аудандық ауруханасы:
Ауруханаға қарасты дәрігерлік амбулаторияларында халыққа сапалы медициналық, көмек көрсетіліп келеді. Науқастарға берілетін тағамдар сапасы да өте жоғары. Заңсыздықтар орын алған емес. Жазбаңызға сәйкес, анықтап жауабын беру үшін дәлелді ақпараттарыңызбен Шиелі аудандық ауруханасының әкімшілігіне жүгініңіз,- деп ресми жауап қалдырған.