Қызылорда облысында бос жатқан 10 млн гектардан аса жер халыққа тимей жатыр
273
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 157,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Өңірде 2022 жылы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 157,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Әкімдіктің мәліметінше, Қызылорда облысының жер қоры 24,1 млн га, құрайды, оның ішінде:
Облыста мемлекеттік жер қорында 10,6 млн гектар бос жер резерві бар, оның ішінде:
Әкімдіктің мәліметінше, Жаңақорған ауданында босалқы жер қорының көлемі небәрі – 134,2 мың га құрайды, аталған ауданда барлық санаттар бойынша жер тапшылығы бар. Қалған аудандар бойынша резервтік жер аумақтары жеткілікті.
2023 жылы аталған жұмыс жалғасуда, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті бекіткен жоспарға сәйкес ағымдағы жылы облыста 200 мың гектар жерді қайтару межеленді.

- егістік жер 188,4 мың га;
- тыңайған жер 75,3 мың га;
- жайылым 11,4 млн га;
- шабындық 108,2 мың га.
Облыста мемлекеттік жер қорында 10,6 млн гектар бос жер резерві бар, оның ішінде:
- егістік жер 1,5 мың га;
- тыңайған жер15,9 мың га;
- жайылым 8 млн га;
- шабындық 67,0 мың га.
Облыстың шөлді-шөлейтті табиғи зонада орналасуына байланысты бос жерлерді игеруге су ресурстарының тапшылығы кері әсер етуде. Шаруашылық жүргізуге қолайлы жерлер Сырдария өзенін бойлай орналасқан, осыған байланысты шаруашылықтардың негізгі бөлігі осы аумақтарда шоғырланып, резевтік аумақтың 70-80 пайызы орналасқан Қарақұм, Қызылқұм, Сарысу өңірлерінде су тапшылығына байланысты сұраныс төмен, – деп жауап берді әкімдік.
Әкімдіктің мәліметінше, Жаңақорған ауданында босалқы жер қорының көлемі небәрі – 134,2 мың га құрайды, аталған ауданда барлық санаттар бойынша жер тапшылығы бар. Қалған аудандар бойынша резервтік жер аумақтары жеткілікті.
Негізінен алғанда, ауыл шаруашылығы алқаптарының ішінде егістік, шабындық алқаптарына сұраныс жоғары, алайда жоғарыда аталған су ресурстарының жетпеуіне байланысты бүгінгі таңда егістік және шабындық алқаптарының жетіспеушілігі мәселесі барлық ауданға ортақ проблемаға айналуда, – дейді әкімдік.
2023 жылы аталған жұмыс жалғасуда, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті бекіткен жоспарға сәйкес ағымдағы жылы облыста 200 мың гектар жерді қайтару межеленді.