Түзету мекемесіндегі тәрбиешілердің балаларды ұрған сәті видеоға түсіп қалған
Қостанайдағы балалар түзеу орталығында тәрбиешілердің қорлық жасап жатқан сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгінде полиция қылмыстық іс қозғап, мән-жайын анықтуда. Бірнеше тәрбиеші балаларға қастық жасаған. Бұны ата-аналар бейнебақылау камерасынан көрген. Кадрларда балаларды ұрып, мәжбүрлеп ұйықтатып жатқаны байқалады.
Ол балалардың бірі басынан жарақат алып ауруханаға түскенде белгілі болды. Камералардан бейнежазбаны көрген ата-аналар балаларды үш-төрт сағат ұйықтауға мәжбүрлеп, нашар тамақтандырып, сабақ орнына мультфильм көруге рұқсат бергенін білді.







