ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АНА БАЛАСЫН МҮГЕДЕКТІККЕ ШЫҒАРА АЛМАЙ ЖҮР
Қаламыздағы көпбалалы аналардың бірі ұлының туа бітті кемшілігі бола тұра, мүгедектікке шығара алмай отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Адам болған соң ауру-сырқаусыз болмайды. Басы ауырып, балтыры сыздаған әрбір жан дертінің шипасын іздеп ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгініп жатады. Алайда, ауыл-үйдің арасындағы дәрігерлерді қойып, алыс-жақын шет елдерден де емі табылмайтын ауыр сырқаттар мен жұмбақ аурулар көп емес. Ол жағдайларда өкінішке орай дәрігерлердің де дәрменсіздік танытатын кездері болады. Медицина тілінде «ДЦП» аталып жүрген церебральды сал ауруы – бүгінде біраз отандасымызды қайғыға салған ауыр дерт болып отыр.
Осы кезге дейін балалардың церебральды сал ауруы (ДЦП) ең ауыр және емі жоқ туа бітті ауру деп есептеліп келеді. Бірақ қазіргі медицина ғажайыптар жасай алады - барынша шыдамдылықпен, әдістемелік тәсілдер қолдану арқылы емдеген жағдайда балалардың церебральды сал ауруы салдарынан пайда болған ақауларды түзетуге, балаларды жүруге және сөйлеуге, қандай да бір дәрежеде қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады.
Алайда, ем-домы мен түрлі сауықтыру шараларына бір емес бірнеше мыңдаған қаражаттың керектігі тағы бар. Тұла бойы тұңғышы Бағланның жасы 12-де. Туа бітті сырқатпен әлі күнге дейін күресіп келеді. Ал, анасы баласын мүгедектікке шығара алмай жүргендігін айтып, бізге хабарласқан болатын.
Анасының айтуынша, бала күнінен сал ауруына шалдыққан Бағлан денсаулығына байланысты 1-ші не 2-ші топ мүгедектігі бар екендігін растайтын қағаз үшін бармаған жері қақпаған есігі қалмаған.
Қымбатшылық қысқан тұста азық-түліктің бағасы күн санап өсіп жатқанында, дәрі-дәрмекті алудың өзі қиынға соғатындығы жасырын емес. Ал, қалалық емханалардың бала денсаулығына ат үсті қарауына не себеп? Дәрігердің қолдан келгенше көмек қолын созуы тиіс емес пе? Бала денсаулығына басты назарға алынатын қалалық «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС-не қарасты аймақтық дәрігері еңбек демалысына шығуына байланысты көре алмадық.
«Келмеген балаға мен ешқандай ақпарат бере алмаймын. Түсірілім жүргізу үшін басшылықтан рұқсат сұрап келіңіздер. Бала денсаулығы бойынша ақпаратты анасына ғана беремін. Біздің емханадан №1 емханаға ауыстырылған. Бізге бұрын көрінгенімен, қазір бізге қарамайды»,- деп кесіп айтты.
Ал, бала денсаулығын жіті бақылауда ұстап отырған, әрдайым қадағалауымда болды деген невропотологтың айтуынша,
Алайда, бала денсаулығы сырт көзге қанағаттанарлық болғанымен жүріп-тұруына қосалқы көмек керек екендігін айтып шырылдаған анасына араша түсіп, көмек қолын созады деген үміт оты әлі күнге дейін сөнген емес.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
Фотожурналист ДИНАРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ