Мәскеуде мобилизация аяқталды
381
Мәскеу қаласының әскери комиссарының ақпараты бойынша, Президенттің Жарлығы мен Қорғаныс Министрлігінің тапсырмасы негізінде белгіленген ішінара жұмылдыру міндеттері толық көлемде орындалды. Бұл туралы Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собяниннің ресми сайтында жарияланды.
Мобилизацияға жұмылдырылғандарды жинау пункттері 2022 жылғы 17 қазанда Мәскеу уақытымен сағат 14:00-де жабылады. Мобилизацияға шақырту қағазын жіберу тоқтатылады.
Сонымен қатар, ол қақтығыс алаңына аттанатындардың отбасылары мен жақындарына Мәскеу қамқорлық жасайтынын айтты.
Мобилизацияға жұмылдырылғандарды жинау пункттері 2022 жылғы 17 қазанда Мәскеу уақытымен сағат 14:00-де жабылады. Мобилизацияға шақырту қағазын жіберу тоқтатылады.
«Мобилизация мыңдаған мәскеулік отбасылар үшін үлкен сынақ болды, олардың әкелері, күйеулері мен ұлдары бүгінде әскерге тартылады. Алайда, ішінара жұмылдыру міндетін орындау, ең алдымен, мәскеуліктердің жауапкершілігі, парызы және патриотизмінің арқасында іске асырылды. Мен сіздерге алғыс пен ризашылығымды білдіремін. Біз бәріміз сіздердің тағдырларыңызға уайымдаймыз, алда кездесетін қиындықтар мен қауіп үшін алаңдаймыз. Сіздерді тірі және сау қайтады деп үміттенеміз», - деп жазды Собянин.
Сонымен қатар, ол қақтығыс алаңына аттанатындардың отбасылары мен жақындарына Мәскеу қамқорлық жасайтынын айтты.
«Біз әлі де Қорғаныс министрлігіне материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуде тікелей көмектесеміз. Мәскеуліктер әскери борышын өтеп жүрген аймақтардың басшылығымен бірге біз әскери бөлімдердегі жағдайды жақсартуға көмектесеміз», - деді Сергей Собянин.