Ақтөбеде төрт жасар бала терезеден құлап кетті

427

Фото: pixabay.comАқтөбеде төртінші қабаттан құлап кеткен төрт жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқыс жағдай 18 мамыр күні сағат 19:20 шамасында Нефтянников көшесіндегі көпқабатты үйде болған. 


Төрт жасар бала үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен.Баланың анасы бес айлық қызына қарап отырған уақытта, оның кәмелетке толмаған баласы абайсызда қонақ бөлмесінің терезесінен құлап кеткен. 


Қазіргі уақытта сәби балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. 
Ақтөбе полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан Ақтөбе облысында үш бала терезеден құлап кеткен.


 "Балалардың жарақаттану жағдайларының көпшілігі ересектердің балаларын қараусыз қалдыруынан болып жатады", - дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов. 


Қайғылы жағдайлар бала анасының немесе әкесінің назарынан тыс қалуынан ғана емес, сонымен қатар пәтердегі ашық терезелердің қажетті құралдармен жабдықталмаған кесірінен де болады. 


Осы орайда департамент жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажеттілігіне назар аударды. Нақтырақ айтсақ:


 1. Көптеген жағдайларда терезелерден құлау балалар қараусыз қалған кезінде орын алады, ешбір жағдайда кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.


 2. Бала терезеге еркін көтеріле алмайтындай етіп жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыс жерге қойыңыз.


 3. Ешқашан москит торларына сенбеңіз! Олар балаларды құлаудан қорғаудың құралы емес! 


4. Терезелерге баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді орнатыңыз.