Лауазымды полиция тұлғалары ірі көлемде рельс ұрлау қылмысын жасырған

480

Жамбыл облысында ірі көлемде рельс ұрлау қылмыстарын полицияның лауазымды тұлғалары жасырып келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.


Бұған дейін рельсті ірі көлемде ұрлау фактілері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының Қарағанды бөлімшесінде анықталған болатын. Жамбыл өңірінде бір топ адам жасаған тағы бір ұрлық әшкереленді.


"Бұл учаскіде жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығын әкелген барлығы 17 эпизод тіркелген. Тергеу нұсқасы бойынша осы тізімдегі 13 ұрлықты "Тараз" станциясындағы көліктегі полицияның лауазымды тұлғалары есепке алудан жасырған", - дейді прокурорлар.


Тергеу материалдарына сәйкес, көп жағдайда теміржол желілерінің 5 мыңнан астам "ФОССЛО" бекіткіштері ұрланған. Осы бөлшектер рельстерді мықтап бекітуге және жоғары жылдамдықты қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.