Алматыда коронавирустың "үнді" штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіле ме
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың "үнді" штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіле ме деген сауалға жауап берді.
"Қазір жаңа шектеулер барлық жерде енгізіліп жатыр. Енді біз еліміздің бас санитар дәрігерінің шешімін күтіп отырмыз. Кеше тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді, соның ішінде халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдарға міндетті түрде вакцина салдыру да бар. Біз бас санитар дәрігердің жарлығын орындаймыз, өйткені екі аймақта зерттеу жүргізіп, нәтижесін алдық", – дейді Бекшин.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан да коронавирустың "үнді" штамы анықталған болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтуынша, белгілі бір штамдар бойынша нақты зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бір сынамадан "Нью-Йорк" штамы анықталған, кеше кешке қарай тағы бір сынамада "Дельта" штамы болуы мүмкін екені анықталған.
Сонымен қатар, Бекшин "үнді" штамын жұқтыруы мүмкін пациент туралы да айтқан еді.
Оның сөзінше, бүгінде әйелдің екі құрылыс базарында болғаны және азық-түлік сатып алу үшін жақын маңдағы дүкенге кіргені белгілі болып отыр. Ол дертті сол жерлердің бірінен жұқтырған болуы мүмкін деген болжам жасалуда.
Сондай-ақ, оның күйеуі жұмыс бабымен барған жерлердің бірінде дерт таралып, ер адам дертті тасымалдаушыға айналған деген де болжам бар.