Мас күйінде көлік жүргізгені үшін медицина қызметкері қамауға алынды

1 372

Фото: istockphoto.comСолтүстік Қазақстан облысында мас күйінде көлік жүргізгені үшін медицина қызметкері қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

СҚО сотының мәліметінше, оқиға 18 қаңтарда түнде болған. Булаев қаласының тұрғыны, медицина қызметкері мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған. Оның мүлде жүргізуші куәлігі болмаған. 

М.Жұмабаев ауданының соты әкімшілік құқық бұзушылық істі қарап, сот отырысында әйел кінәсін мойындады. Айтуынша, дәмханада спирттік ішімдік ішкен, кейін таныстарымен бірге үйге кеткен. Жолда рөлге мас отырған, оны полиция қызметкелері тоқтатты. 

Сот қаулысымен әйел 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.