Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов сотталды

1 495

Фото: gov.kzАстанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот Болат Мажағұловты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша кінәлі деп таныды. Оған Есіл өзеніндегі «Күн» субұрқағының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылды.

Сондай-ақ, экс-шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды Және «Құрмет» орденінен айырылды. Мажағұлов жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Іс бойынша тағы бір айыпталушы, мердігер ұйымның өкілі Мәди Қанапин 3 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекет қаржысын жымқыру (ҚК 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы) және қылмыс жасауға жәрдемдесу (ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сот Мажағұлов пен Қанапиннен 1 миллиард 86 миллион теңге көлеміндегі  шығынды өндіру туралы шешім шығарды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.