Танысынан 5 млн теңге бопсалаған Қызылорда тұрғыны ұсталды

541
Қызылордада танысынан 5 млн теңге бопсалаған 35 жастағы  әйел құрықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


12 ақпан күні полицияға 44 жастағы азаматша жүгінген. Ол танысы өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы 5 млн теңге беруді талап еткен. 

Аталған дерек бойынша Қазалы АПБ және Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлерімен қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады. 

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігімен (Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді Қызылорда облысының Полиция департаменті.
 
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.