Қазақстанда жаңа пәтерлер төрт жылда 43 пайызға қымбаттаған
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында елдегі жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 43,2 пайызға, ал қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 50,2 пайызға өскен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл 11 айда тұрғын үй сатып алу-сату саны 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1 пайызға өсіп, 382,9 мыңға жетті. Ең көбі - Алматыда (74,9 мың), Астанада (67 мың) және Қарағанды облысында (30 мың) жасалған.
Тұрғын үй сатып алу-сату санының ең үлкен өсімі Батыс Қазақстан облысында (+42,3%), Алматыда (+27,8%) және Шымкентте (+24,9%) тіркелген.
Тағы да оқыңыздар
