Қаза тапқан 13 адамның онының кім екені анықталды

1 653

Қайғылы жағдай болған жерге Алматы әкімі Ерболат Досаев келді. Бүгін Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 "Көбісі Қазақстан елінің азаматтары. Қаза тапқан 13 адамның 10 адамның кім екені анықталды: оның сегізі Қазақстан, біреуі Ресей, біреуі Өзбекстан азаматы. Тағы үшеуінің жеке басы анықталып жатыр. Зардап шеккендердің бірі Пәкістаннан келген медицина университетінің студент екені анық", - деді Досаев.


Оқиға орнында Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев та жүр. Алматыға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов та ұшып келеді. Төтенше жағдай орнында тілшіміз де жүр. Полицейлер өрт болған ғимаратты қоршауға алды. Оқиға болған жерде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері тұр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.