Балабақшада баланы аяусыз ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

3 383

Түркістан облысы Келес ауданындағы жеке меншік балабақшада баланы қатыгездікпен жөнге салмақ болған тәрбиеші жұмысынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Еgovpress Telegram арнасында жарияланған бейнежазбадан тәрбиешінің баланы сілкілеп, ұрған сәттерін көурге болады.


Облыстық Білім басқармасы тергеу құпиясын алға тартып, тәрбиеші жөнінде мағлұмат беруден бас тартты. Бір анығы, ол жұмысынан босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.


Түркістан облысы Келес ауданында орналасқан "Ақмаржан" балабақшасы тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны сол балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Баланың анасы полиция бөліміне арыз түсірді, арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Түркістан облысының Білім басқармасы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.