«Қазақстан халқына» қоры мен Қызылорда облысы: әлеуметтік бастамалар аясындағы ынтымақтастық нығаюда
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесу барысында қор демеушілігімен өңірде жүзеге асқан әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық бағдарламаларының нәтижелері, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен ұсыныстар жан-жақты талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
10,1 млрд теңгеге 3 салада 40-тан астам жоба жүзеге асырылуда
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен аймақта 10,1 млрд теңгенің әлеуметтік бастамалары іске асырылуда. Оның ішінде:
4,8 млрд теңге – денсаулық сақтау саласына;
2,7 млрд теңге – білім беру жүйесіне;
2,6 млрд теңге – спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Медицина саласындағы ауқымды қолдау
2022 жылы облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жанынан, 2023 жылы Жаңақорғанда «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылып, 3500-ден астам бала оңалтудан өтті.
Орфандық аурулармен ауыратын 20 науқасқа – 2,4 млрд теңгеге,
онкологиялық дертке шалдыққан 26 балаға – 466,2 млн теңгеге дәрі-дәрмекпен көмек көрсетілді.
Қан тамыры патологиясы бар 4 балаға – 640 мың теңгеге ем ұйымдастырылды.
1,1 млрд теңгеге сатып алынған екі жылжымалы медициналық кешен арқылы 6 мыңнан астам тұрғын скринингтен өтті.
Балалар нейрохирургиясын дамытуға – 92,2 млн теңгеге медициналық жабдық алынды.
Генетик пен УДЗ мамандары шетелде оқытылып, трансплант-үйлестіруші даярлауға 4,19 млн теңге жұмсалды.
Көз қабығын трансплантациялау бойынша 171 отаның ішінен Қызылорда облысында 5 науқасқа 6 млн теңге бөлінді.
Жаңақорған ауданындағы оңалту орталығы 562 млн теңгеге жарақталды.
2024 жылы облыстық балалар ауруханасы жанынан Ерте араласу орталығы ашылып, 69,7 млн теңгеге жабдықталды.
Байқоңыр қаласында балаларға арналған оңалту орталығын іске қосу жоспарлануда.
Білім беру жүйесіне бағытталған инвестициялар
2022–2024 жылдары аудан орталықтарындағы 6 тірек мектепке әрқайсысына 250 млн теңгеден, жалпы 1,5 млрд теңге бөлініп, пән кабинеттері, спорт зал, асхана мен акт залы жаңғыртылды.
Биыл:
Сырдария ауданындағы №36 мектеп,
Байқоңыр қаласындағы №277 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 500 млн теңге бөлінді.
Ерекше білім беруді қажет ететін №5, 6, 7 интернаттардың инфрақұрылымын жақсартуға – 99,5 млн теңге бағытталды.
«Болашақ инженерлер» жобасы аясында 9 мектепке робототехника құралдары орнатылып, оған 32,4 млн теңге бөлінді.
2023–2024 оқу жылында:
68 студенттің оқу ақысына – 365,2 млн теңге;
2030 оқушының жазғы демалысына – 217,1 млн теңге қаралды.
Спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты қолдау
Қармақшы және Сырдария аудандарындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт залдар 17,5 млн теңгеге жабдықталды.
Шиелі ауданының Досбол датқа ауылында бой көтерген жаңа спорт кешені 2024 жылдың ақпан айында пайдалануға берілді.
Ынтымақтастық жалғасады
Кездесу барысында Ләззат Шыңғысбаева Қызылорда облысы мен «Қазақстан халқына» қоры арасындағы тығыз және нәтижелі әріптестіктің келешекте де жалғасатынын атап өтті. Өз кезегінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қордың өңірге жасаған нақты көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, әлеуметтік бағыттағы жобаларды бірлесе іске асыру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты тетігі екенін жеткізді.
Қорытындылай келе, «Қазақстан халқына» қоры мен Қызылорда облысы арасындағы ынтымақтастық – әлеуметтік әділеттілік пен өңірлік даму жолындағы нақты қадам. Қор демеушілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар мыңдаған тұрғынның өмір сапасын жақсартып, денсаулық сақтау, білім беру мен спорт салаларының әлеуетін арттырып отыр.







