Қызылорда қаласындағы бірегей білім ордасы
Әр мектептің өз тарихы бар. Мыңдаған шәкірттерге білім беріп, үлкен өмірге қанат қақтырған №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицей тарихы да тереңде жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
1988 жылы 1176 орындық мектеп-лицейдің құрылысы аяқталып, қазақ тілінде жүргізілетін аралас мектеп болып ашылған болатын. Алайда үш жылдан кейін, яғни 1990 жылы ата-аналардың сұранысы бойынша қазақ орта мектебі болып қайта құрылады. Ал 1998 жылы Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің есімі беріледі.
Қоғамның аса маңызды саласында бет түзеп, шәкірт тәрбиелеуде өзіндік ізін қалыптастырған бұл білім ошағы білім беру ісінде талай сындарлы жылдарды артта қалдырды. Бүгінде білім берудің жаңа, заманауи үрдісіне бет түзеп озық келе жатқан мектептер қатарында. 2013 жылы білім ұясының білім саласындағы айтарлықтай жетістіктерінің нәтижесінде «лицей» статусы беріліп, Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі болып бекітілді. Білім ордасының ұжымы бұл жолда 36 жылдық өсу, даму жолынан өтті. 2019 жылдан бастап мектепті басқаруда Камитбекова Жанат Убайдуллақызы білім беру ұйымының табысты қызмет етуіне, мамандардың кәсіби жетілдірілуіне, шәкірттердің білім сапасының жақсаруына еселі еңбек етіп, міндеттерін абыроймен атқаруда. Қазіргі таңда мектеп-лицейдің сынып комплект саны – 67, қазіргі таңда 1-11 сыныптарда 1706 оқушы білім алуда. Ал лицей сыныптар саны – 9, даярлық тобы -3, онда 89 оқушы тәлім алуда. Мектеп-лицейдегі педагог саны – 157 адамды құрайды. Оның ішінде жоғары білімдісі – 156, арнаулы орта білімдісі – 1, магистр – 23, ғылым кандидаттары – 5 мұғалім. Санаты бар мұғалімдердің үлесі барлық педагогтардың – 77 пайызын құрайды.
Мектеп-лицей оқу тәрбие жұмысын уақыт талабына сай жолға қоюмен қатар оның материалдық-техникалық базасының кезең-кезеңімен жаңартылып, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын дамытып, теорияны практикамен ұштастыруды көздейді. Бұл ретте терең білім алу, білім сапасын арттыру мақсатында заманауи құрал-жабдықтармен оқуға арналған 44 кабинеттің 31-іне интерактивті панельдер орнатылған. Оқушыларға білім беруде робототехниканың әртүрлі бағыттарын, физика, математика, информатика, биология, химия, технология пәндерін визуалды меңгертуге, күрделі тәжірибелік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін STEАM лаборатория кабинеті жұмыс жасайды. География, ұлдар және қыз балаларға арналған көркем еңбек, робототехника, инклюзив, шахмат,ағылшын тілі, орыс тілі, музыка пән бастауыш сынып кабинеттері заманауи құрал жабдықтармен жабдықталды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепке 58 дана бейнебақылау камералары орнатылған. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасау, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру мақсатында дефектолог кабинеті жасақталған. Оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Кітапханадағы кітап қоры жыл сайын көркем әдебиеттермен толықтырылған. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Coworking» орталығы және «Буккросинг» бұрышы жұмыс жасайды. Мектептегі пәндік үйірмелер саны – 15. Үйірмеге қатысатын оқушы саны – 1152 бала ( ол барлық оқушылардың 73,6 пайызы). Қосымша біліммен 844 оқушы қамтылған, ол оқушылардың 51 процентін құрайды. Мектептегі үйірме саны – 11, онда қамтылған бала саны - 225. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған баскетбол (қыздар), волейбол (ұлдар), волейбол (қыздар), теннис, футбол (ұлдар), шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол (ұлдар) ұлттық ойын футбол (қыздар), бокс, үйірмелері жүргізілуде.
Мектеп-лицей атына сай мұнда әлеуметтік және білім беру жобалары жүзеге асырылып келеді. Мәселен, «Жасыл желек» жылыжай жобасы, «Жүргенов жастары» дебат клубы «Үздік сынып» жобасы «Үй жұмысына көмектес» жобасы «Математикалық сауаттылық» жобасы «Жүргенов мұражайы» жобасы «Антибуллинг» жобасы «Мектеп парламенті», «Мектеп театры», «Дебаттық қозғалыстар» түрлі бағыттарда жұмыс жасайды. «Математикалық сауаттылық мектебі» жобасының мақсаты – 1-11 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру. Жобаның негізгі үш бағытында 1-11 сынып оқушыларының ауызша жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру, 5-11 сынып аралығындағы математика пәнінен бейімділігі жоғары оқушылардың қызығушылығын арттыру, АКТ қолдану арқылы математика теориясын терең меңгеруіне жол ашу қамтылған.
Бүгінгі жастардың терең білім алып,өз қабілетін шыңдауға барлық жағдай жасалған. «Ел үміті» жобасы қабілетті жастарды анықтауға, қолдауға бағытталған: әр мемлекеттің болашағы білімді, ойшыл жастарға байланысты. «Ел үміті жобасы» бойынша Мұхтар Әділ Қайсарұлы, Садықбекова Аружан Еркінқызы, Сариева Камилла, Ермағанбет Нұрболат, Мұхтар Мирас «Елбасы» медалінің қола медаль иегерлері атанған. Ал мектеп оқушылары 2020 жылы ҚР шахмат Федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген байқау қорытындысымен жүлделі ІІ орын иеленіп, Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры және ҚР шахмат федерациясының қолдауымен шахмат кабинеті жабдықталған. Шахматтан әлемнің 3 дүркін чемпионы, гроссмейстер шахматтан әлемнің 3 дүркін, Азияның 5 дүркін, Қазақстан Республикасының 10 дүркін чемпионы Серікбай Әсел және шахматтан Азия және Қазақстан Республикасының чемпионы Нұрғали Назерке, шахматтан облыс чемпионы- Өткелбай Алуа, Айжарық Балнұр осы мектептің түлектері.
Шахматтан Азия және Қазақстан Республикасының чемпионы – Әли Кәусар, Сарадин Мадияр, Қанатқызы Айжұлдыз, Сартай Айбибіде осы мектепте білім алуда. Тоғызқұмалақ спорт ойынынан Садықбекова Аружан, Игенбай Бекжан, Бақыт Назерке, Асибек Зарина, Жорабек Заңғар облыстық біріншіліктері, республикалық чемпионаттарының жүлдегерлері. 2022-2023 оқу жылында мемлекет және қоғам қайраткері, білім мен өнердің нағыз жанашыры Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған түрлі іс шаралар жоспары жасалып, қазақ өнері мен білімін дамытуға үлкен үлес қосқан Темірбек Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмырын кейінгі өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында семинарлар, конференциялар қала, облыс көлемінде кеңінен аталып өткізіген. Білі ордасында жыл сайын оқушылар арасында Т.Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай «Жүргенов төсбелгісі» жобасы жүргізіліп, жеңімпаздарға сыйақы тағайындалады. Шығармашыл ұстаздар арасында «Темірше» кәсіби қоғамдастығы білім беру, оқытуда кездесетін проблемаларды анықтауға, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына бағытталған жұмыстарын жүргізу жолға қойылған. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген марапаттау салтанатында №7 мектеп-лицейі жыл қорытындысы бойынша «Үздік әлеуметтік әріптес» номинациясын иеленген.
Мекте-лицей ПШО-ның Қызылорда қаласындағы филиал қызметкерлері, қалалық білім бөлімімен, және аймақ мектептерімен «EDU.NETWORK.KZO» желілік қоғамдастық жұмысының тиімділігін арттыру, педагогтердің өзара әрекеттестігін дамытуда бірлесе жұмыс жасайды. «EDU.NETWORK.KZO» желілік қоғамдастық арқылы педагогтердің кәсіби дамуы жанданады. Мектептегі оқу мен оқыту тәжірибесінің сапасы артады. Бұл ретте ақпараттық-әдістемелік материалдар мен әдістемелік ресурстар жинақталып, таратылуда. Білім жолы-қашан да қиын да киелі жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға қол жеткізе алады. Мектеп ұстаздары қашанда терең ізденістің арқасында үлкен белестерді бағындырып келеді. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалды деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылық жетелеу. Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз, сондай- ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі шығармашылық қызметі.
Мектеп-лицей мұғалімдері қалалық, облыстық, республикалық деңгейде авторлық бағдарлама, әдістемелік бағдарлама шығарып тәжірибелерін таратып, түрлі кәсіби байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде. Мәселен, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми зерттеу жобаларлар конкурсы, жалпы білім беретін негізгі пәндер бойынша республикалық олимпиада, республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауы, кәсіби байқау жеңімпаздары бар. Оның ішінде М.Қасқабаева, В.Жанұзақова, Г.Байсалбаева қала әкімінің арнайы сыйақы (150000) иегерлері, Н.Каужанов физика-математика ғылымдарының докторы профессор Асқар Жұмаділдаев атындығы конкурстың математика саласындағы үздік жетістік көрсеткен жастарға арналған 100000 тг сыйлық иегері, «Жүргенов жастары» дебат клубының жетекшісі – А.Ләзи Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығының иегері, Е.Шәймерденов А.Жұмаділдаев атындағы жас математика мұғалімдеріне арналған Қызылорда облыстық 1-ші шығармашылық байқауының жүлдегері, А.Шайман «Үштілділік-көптілді білім алушы тұлғаны қалыптастырудың негізі» бейнесабақ байқауының және «Үздік сынып жетекші» сайысының жүлдегері, Н.Баймаханова «Үздік география пәнінің мұғалімі» қалалық байқауынан ІІ орын иегері. Сонымен қатар, әр жыл сайынғы «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» байқауының жүлдегерлері Ж.Алтынбекова, С.Кенжеев, Д.Әлімов, Н.Байұлов, С.Аяпов, А.Жұлымбетов, Ж.Жолахановтар қала көлемінде үздік нәтиже көрсетуде. Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылында «Үздік авторлық бағдарлама-2024» байқауының республикалық кезеңінен мектеп дефектологі А.Елубай жүлделі ІІ орынды иеленіп, Ф.Әбзиева «Үздік тәрбие орынбасары- 2024» облыстық кезеңінің жүлдегері, Қ.Абилгазиева «Педагогикалық идеялар фестивалі-2024» байқауының жүлдегері, Г.Есқалиева қала мектептері арасындағы математика пән мұғалімдері арасында «Математикалық регата» олимпиадасының жүлдегері атанды. Мектеп-лицейде қабілетті, дарынды оқушылармен жұмыс жоспарлы түрде жүргізілген.Пән мұғалімдері оқушылары мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі әртүрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Өзінің терең білімінің арқасында биік белестерді бағындыра білген мектеп түлегі А. Жорабаева - «Жарқын болашақ», Қ. Бітібаева SPT олимпиадасынан жүлдегер атанып, С.Демирел атындағы университеттің филология факультетінің 3 (үш) грантын бірдей жеңіп алған талантты да дарынды шәкірт, «Алтын белгі» иегері. «Лингвистикалық», пәндік олимпиада мен түрлі байқаулардың қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жеңімпазы 11 сынып оқушысы, «Алтын белгі» үміткері Алматқызы Дильназ, Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада жеңімпазы Б.Карим, «Жат ағымдардан сақтанайық» облыстық эссе байқауының жүлдегері Садықбек Аружан, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Менің шағын Отаным» атты республикалық зияткерлік байқауының бірінші кезеңінде (қалалық) байқаудан 10 « А» сынып оқушысы Самке Аяулым жүлделі ІІІ орын, математика пәні бойынша Қ.Игенбаев атындағы облыстық олимпиада бойынша әр жыл сайын Н.Нұрбол жүлделі орын тұғырынан көрінген. Мектеп оқушылары хор өнері фестиваль- конкурсында «Балалар хоры» бас жүлдені алған. Мектептің үздік оқушысы, қалалық, облыстық білім байқауларының жеңімпазы Асылбек Абай «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен жаратылыстану-математика циклындағы пәндер Президенттік олимпиадасының республикалық кезеңінің қатысушысы. Б. Рахман, И. Аслан «Зерделі» ақыл ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегерлері, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар арасында өткізілген байқау жеңімпаздарының жетекшісі мектеп дефектологі А.Елубай республикалық «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындарында «Асық ату» сайысынан Н.Сейткрам ІІІ орын, Ш.Айғаным «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауға «Алтын қолдар» номинациясының жүлдегері, Б. Асқар, республикалық «Қоңыр күз бояулары» атты жас суретшілер байқауынан ІІ орын иегері атанған. Мектеп түлектері ҰБТ- дан жоғары ұпай иеленіп, мемлекеттік грант иегері атанады. Биылғы оқу жылында мектебіміздің бітіруші түлегі Ермағамбет Нұрболат Сулейман Демирель университетінің базасында өткен SPT олимпиадасына қатысып бақ сынап, аталған олимпиаданың Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық пәндері бойынша білім додасына түсіп, грант иегерін жеңіп алды және Ясауи Олимпиада XI байқауына қатысып, квота иегері атанды. Яғни алдағы оқу жылына 100 процент грант жеңіп алды. Бұл Нұрболаттың қоржынындағы екінші грант. Ал оның жетекшісі тарих пән мұғалімі М.Қасқабаева. 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық «Дарын» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен алты оқушы, «Зерде» ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңінен тоғыз оқушы, бір оқушы республикалық кезең жеңімпазы атанған. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 38 оқушы қалалық кезеңнің жүлдегері атанса, 215 оқушы қалалық, облыстық, республикалық түрлі байқаулардың жеңімпаздары. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғыдыми жобалар конкурсының жүлдегерлері – тарих пәнінен Сапа Рамазан, жетекшісі Ж. Камитбекова, математика пәнінен Нұрлан Нұрбол, жетекшісі К.Дәумегенова, математика пәнінен М.Ырысты, пән мұғалімі Д.Құттымұрат, жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезең жеңімпазы қазақ тілі мен әдебиетінен А.Үркімбай,пән мұғалімі Р.Бермаханова, Қазақстан тарихы пәнінен Р.Кулбибаев, пән мұғалімі Г.Байсалбаев, «Зерде» ғылыми жоба байқауының республикалық кезіңінен II орын иеленген Б. Тулегеновтың жетекшісі Г. Тоқбергенова, республикалық "Алтын түлек" математикалық олимпиадасына мектептің талантты, ұшқыр ойлы 10-11сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Олар Болатбекова Алуа , Қожагелді Ұлту , Сағатқызы Жансая, пән мұғалімдері, Г. Даумегенова , Г.Есқалиева.
Әрбір оқу жылында ұстаздардың әдістемелік оқу-құралдары және қалалық, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде 100-ден аса мақалалар жарияланады.
Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Қазіргі заманда сындарлы оқыту теориясына сай бала білім алып қана қоймай, алған білімін әр қашанда керегіне жарата алатындай азамат етіп қалыптастыру, ұстаз қауымы алдындағы басты міндет болып отыр. Тек қана ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Мектеп ұстаздары imektep.kz, bilimland.kz, kahoot.it, mektep-liceum136.kz желілік сайттарымен үздіксіз байланыс жүргізіледі. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы «Жасыл аймақ» апталығы аясында мектеп ұстаздары мен оқушылары мектеп ауласының көркейту шараларына белсене қатысқан. Қазіргі таңда мектеп ауласында 1121 түп ағаш өсіп тұр, аулада гүл егілетін арнайы орындар бар. Мектеп ауласындағы оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік беретін, мектебіміздің жанынан ашылған «GREEN GARDEN» тәжірибелік жылыжайындағы өсімдіктері бітік шығып, алғашқы өнімін де беріп үлгерді. Жылыжайда ерте көктемде егу жұмыстары басталып, қияр, қызанақ, ақжелкен, күнзе және салат жапырақтары егілген. Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі – табысты оқыту мен құндылықтарға тәрбиелеу жолында қызмет етіп келе жатқан бірегей білім ордасы.
А.ӘЛІМ