Әкім орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды

2 144

Фото: shutterstockАқмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2024 жылдың мамыр айында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс орнындағы әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасып, соңында төбелес шығарған. Сарапшының қорытындысына сәйкес олар бір-бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.


"Сот шешімімен аудан әкімінің орынбасары және аппарат басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Cонымен қатар әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар қолданылды", – делінген хабарламада.


Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.