Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі 740 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

375

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мәлімдеді.

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының" лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" компаниясының басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Біз бұған дейін бірнеше рет рейдерлік шабуылға қатысты деген күдікпен ұсталған Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынғанын жазған едік.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.