Қызылордада баланы тепкінің астына алған жасөспірім сотталды

1 658

dzen.ruҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кездейсоқ баланы тепкінің астына алған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сотта анықталғандай, жасөспірім 2023 жылы 3 сәуірде кешкілік уақытта көшеде кәмелетке толмаған жәбірленушінің басқа балалармен төбелесіп жатқанын көріп, бұзақылық ниетпен оның басынан оң аяғымен 4-5 мәрте теуіп, ауыр дене жарақатын салған.


Сотталушы берген жауабында тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетінін айтып, жеңіл жаза қолдануды сұраған.


Сот талқылауында жәбірленуші мен оның заңды өкілі сотталушыға кешірім беретінін айтып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.


"Сотталушы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7),11)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етілді. ҚК-нің 63-бабын қолданып, сотталушыға тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, бірқатар міндеттер жүктелді", – делінген сот хабарламасында.