Көкшетау маңында жасөспірім ер адамды қағып өлтірді
495
Жол апатынан қаза тапқан 40 жастағы ер адамның туыстары істі қайта қарап, әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2021 жылы қазанда болған. Станционный ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны (2007 жылы туған) ВАЗ-21112 көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ақмола облысы бойынша ПД ақпаратына сәйкес, жасөспірім Көкшетау қаласынан Станционный ауылына келе жатқан. Оқиға салдарынан 40 жастағы тұрғын оқиға орнында қаза болған.
ПД мәліметінше, ВАЗ-21112 автокөлігін ұрлау фактісі қылмыстық іс материалдарынан бөлек өндіріске алынған. Соталды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес істі тоқтату туралы қаулы шығарылды. Қалалық прокуратура бұл шешімді бекітті.
Бұл ретте марқұмның туысы Эльмира Хасенова оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Оның айтуынша, жол апаты 2021 жылдың 12 қазанында сағат 19:30 шамасында болған. Ағасы жол жиегінде келе жатқан.
Эльмира Хасенова туысы әп-сәтте қаза болғанын айтты.
Марқұмның туыстары істі әділ тергеуді талап етіп отыр. Олар Бас прокуратураға шағымданғанымен, күткен жауабын алмаған.
Оқиға 2021 жылы қазанда болған. Станционный ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны (2007 жылы туған) ВАЗ-21112 көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ақмола облысы бойынша ПД ақпаратына сәйкес, жасөспірім Көкшетау қаласынан Станционный ауылына келе жатқан. Оқиға салдарынан 40 жастағы тұрғын оқиға орнында қаза болған.
"Факт соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тіркелді. ҚР ҚК-ның 15-бабына сәйкес адам өліміне әкеп соққан ЖКО үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Осылайша, жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
2022 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты істі тоқтату туралы қаулы шығарылды. Сол күні Көкшетау прокуратурасы шешіммен келісті", - деді полициядағылар.
Бұл ретте марқұмның туысы Эльмира Хасенова оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Оның айтуынша, жол апаты 2021 жылдың 12 қазанында сағат 19:30 шамасында болған. Ағасы жол жиегінде келе жатқан.
"Ол экспедитор болып жұмыс істеді. Автобус кешіккен соң, үйге жаяу қайтқан. Бұл учаскеде жаяу жүргіншілер жолы жоқ, бәрі тасжол бойымен жүреді, мектеп оқушылары да. Жасөспірім ағасының ВАЗ-2112 автокөлігін ұрлап, күні бойы достарымен қаланы аралап жүрген. Баланың айтуынша, ол көлік жүргізуді білмеген. Бірақ кейде атасы оған көлікті айдауға берген. Көршілері бала осы көлікті айдап келе жатқанын бірнеше рет көрген", - деді әйел.
Эльмира Хасенова туысы әп-сәтте қаза болғанын айтты.
"Көлік ағамды оң жағымен соғып, 77 метрге сүйреп кеткен. Тергеушінің айтуынша, көліктің жылдамдығы сағатына 60-70 шақырым болған. Ол есін жимастан, әп-сәтте көз жұмды", - дейді ол.
Марқұмның туыстары істі әділ тергеуді талап етіп отыр. Олар Бас прокуратураға шағымданғанымен, күткен жауабын алмаған.
"Қылмыстық іс 349-баптың 3-бөлігімен емес, 345-баптың 3-бөлігімен қозғалды. Істі сотқа жеткізбей, жауып тастады, болды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамның кәмелетке толмағандығына байланысты дейді. (...) Бізге кінәсі дәлелденсе, сот үкім шығаруы керек екенін айтқан болатын. Оны ақтайтын болса, онда анасының үстінен автоматты түрде іс ашуы керек, өйткені ол ұлының әрекетіне 16 жасқа дейін жауапты. Тергеудің дұрыс жүргізілгенін қалаймыз. Тергеу барысында көп кемшілік бар, оқиға 12 қазанда болды, олар 13 қазанда деп жазған. Бұл барлық құжат дұрыс бекітілмегенін көрсетеді және мұндай сәйкессіздіктер көп. (...) Біз материалдық өтемақы талап етеміз, өйткені ағамның артында кәмелетке толмаған қызы мен қарт әкесі қалды", - деді марқұмның туысы.