Қоқыс өңдеу зауытынан әйелдің бөлшектелген денесі табылды

1 370

Фото: pixabay.com"Green Recycle" қоқыс өңдеу зауытының аумағында қалдықтарды сұрыптау кезінде 1989 жылы туған әйелдің бөлшектелген денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Әлмерек ықшам аудандағы жалдамалы үйлердің бірінде болған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша әйел адаммен бірге тұрған ер адам бірге спирттік ішімдік ішемін деп жанжалдасып, әйелін өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.