Қазақстандықтарға казино ойнауға тыйым салынады
1 344
Маңғыстау облысында қазақстандықтарға казиноға баруға тыйым салынады, тек шетелдіктер үшін ғана кіруге рұқсат, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Маңғыстауда тек шетелдіктерге ғана кіруге рұқсат берілетін казино ашу жоспарланып отыр. Бірақ бұл дискриминация емес пе деген сұраққа өңір басшысы жауап берді.
«Мұндай тәжірибе бар. Шынын айтсақ, жалақыңызды алып, казиноға барып, бәрін ұтылып қалсаңыз, әрине, кейін өкініш басталады. Кімге бұл керек, айтыңызшы? Әдетте, ұтылғаннан кейін адам ашуланады», – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, бұл казиноны облыста шетелдіктер жергілікті бюджетке қаржы құюы үшін ашпақ екен.
«Біздің мақсатымыз – шетелден келген адам Қазақстан экономикасына қаражат салуы керек. Заң әлі шыққан жоқ, бірақ осындай ұсыныс бар. Казино қай жерде ашылатыны әлі белгісіз, өйткені инвестор анықталмады», – деді Нұрдәулет Қилыбай.