Ақмола облысында күйеуінен соққы жеген әйел мұрнынан айырылды

251

Ақмола облысында 33 жастағы ер адам мас күйінде әйелін соққыға жығып, мұрнын зақымдаған. Отбасылық жанжалға қызғаныш себеп болған, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

19 сәуірде Зеренді аудандық полиция бөліміне орталық аурухананың қабылдау бөліміне әйелдің көмек сұрап жүгінгені туралы ақпарат келіп түскен. Дәрігерлер әйелге "мұрынның травматикалық ампутациясы" диагнозы қойылған. 

Қазір Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа орташа ауыр деңгейде қасақана зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 



"Ақмола облысының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер арасында олардың құқықтарын түсіндіріп, тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және зардап шеккендерді егер олар зорлық-зомбылық пен қауіп-қатер объектісіне айналған болса, ІІО-на және дағдарыс орталықтарына уақтылы жүгінуге шақырады. Полицейлер мен қоғамдық белсенділердің барлық күш-жігері жәбірленуші өзінің құқық бұзушысымен татуласқан кезде тиісті нәтижеге әкелмейді", - делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.