Туристік жерлерде әжетхана ұстау өте қымбат тұрады - Дәурен Абаев

259

Бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елдегі туризм саласы бойынша есеп берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында Дәурен Абаев туристік жерлерде жұмыс істемей тұрған әжетханалардың мәселесін көтерді.

Өңірлердің назарын әжетханалардың жағдайына аударғым келеді. Бұл мәселені жеке бизнесті тарта отырып шешу қажет сияқты. Әкімдіктерді де түсінуге болады,— деді Дәурен Абаев.

Ол осы ретте Алматы облысындағы сұлулығына көз тоймайтын Қайыңды көлін мысал ретінде келтірді.

Ол жаққа қазір туристер ағылып жатыр. Әжетханалар салынған, бірақ олар жұмыс істемейді. Өйткені әжетхана ұстау өте қымбат нәрсе. Оларды сумен жабдықтау жүйесіне қосу үшін әкімдіктер және бизнеспен бірлесе отырып осы мәселені шешуді ойланамыз,— деді министр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.