Ажырасқалы жатқан әйелінің пәтерін өртемек болған

226

Екібастұздық тұрғын ажырасқалы жатқан әйелінің пәтерін өртемек болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Павлолар облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 38 жастағы әйелдің пәтеріндегі балконнан өрт шығып, мүлкі бүлінген.

Өртті ТЖБ қызметкерлері сөндірді.


«Қаскүнем анықталды. Ол пәтер иесінің 44 жастағы жұбайы болып шықты. Олар 2020 жылдың желтоқсанында үйленген. Қазір ажырасу процесінде», – делінген хабарламада.


Тексеру басталды. Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процестік шешім қабылданатын болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.