Елордада екі құрылысшы 14-қабаттан құлап кетті

244
Астанада екі құрылысшы 14-ші қабаттан құлап кетіп, біреуі қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін, яғни 11 қараша күні түстен кейін болған. Құрлысшылар қай мекенжайдағы құрылыс нысанында жұмыс істегені және құрылыс нысаны қандай компанияға тиесілі екені белгісіз.

«11 қараша күні Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Мән-жайды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды.  Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қаза тапты, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.