Автобус жүргізушісі мас күйде жолаушы тасымалдаған
Таразда полицейлер көлікті мас күйде жүргізген автобус жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары күдік тудырған жолаушылар автобусын тексеру үшін тоқтатқан. №17 бағыттағы автобустың 55 жастағы жүргізушісі көлікті мас күйде жүргізгені анықталды. Медициналық сараптама оның қанында алкоголь барын растады.
Нәтижесінде жүргізуші Әкімшілік құқықбұзулықы туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды – ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға куәлігінен айырылды.
"Алкоголь ішіп көлік жүргізу жол қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және қатаң жауапкершілікке әкеп соғады" - деп еске салды полиция.







