Автобус жүргізушісі мас күйде жолаушы тасымалдаған

1 441

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жамбыл облыстық полиция департаментіТаразда полицейлер көлікті мас күйде жүргізген автобус жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары күдік тудырған жолаушылар автобусын тексеру үшін тоқтатқан. №17 бағыттағы автобустың 55 жастағы жүргізушісі көлікті мас күйде жүргізгені анықталды. Медициналық сараптама оның қанында алкоголь барын растады.

Нәтижесінде жүргізуші Әкімшілік құқықбұзулықы туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды – ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға куәлігінен айырылды.

"Алкоголь ішіп көлік жүргізу жол қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және қатаң жауапкершілікке әкеп соғады" - деп еске салды полиция.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.