Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

379

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comДенсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, "қызыл" аймаққа Атырау облысы да кірген.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. 

"Сары" аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. 
Қазақстанның қалған өңірлері - "жасыл" аймақта. 

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті.
 Оған сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 1492 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 241 873-ке жетті. 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін жеткізген еді. Соған байланысты Нұр-Сұлтанда 21 наурыздан бастап локдаун енгізілді.

Сонымен бірге Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтқан болатын.
 
Ал өткен сенбі күні Алматыдағы қатаң карантин мерзімі 12 сәуірге (қоса алғанда) дейін ұзартылды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.