Қызылорда облысында 93 млн теңгенің бензинін заңсыз сатқан кәсіпкер сотталды
380
Қызылорда облысында 402 тонна жағармай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатқан жеке кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат генттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада сатқаны үшін 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
“Күдікті 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын өзі өткізген 93 миллион теңгеге тағы 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмады”, - деп жазылған хабарламада.