Төрт көзді, екі ауызды марғау желі қолданушыларын таңғалдырды

540

Таиландтың Самутпракан провинциясында төрт көзді мысық дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

27 тамызда американдық тықыр жүнді мысық бес марғауды дүниеге әкелді. Намчок деп аталатын ерекше мысық соңғы болып туған. Оның ерекшелігі – бір басы, бірақ төрт көзі, екі мұрны және екі аузы бар. Бәрі бірдей синхронды түрде қозғалады.
\
Ерекше жануардың иесі Намчоктың таңқаларлық келбетіне қарамастан, қалған марғаулар сияқты қозғалатынын айтады.


"Мен марғаудың аман қалуы үшін бәрін жасаймын. Оның ерекше жануар екеніне сенімдімін. Дәл біздің мысық дүниеге әкелгеніне қуаныштымын",- дейді жануарлардың иесі.