13.08.2024 жылы Қызылорда қалалық пробация есебіндегі тағы 6 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олар «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, мал шаруашылығы, бойынша бизнес жобасын дайындап, 1 млн 476 мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша есепте тұратын сотталғандар әлеуметтік-құқықтық көмектерді алып жатыр, соның ішінде жеке кәсібін ашып дамытушылар саны көбейіп жатыр.
"Жыл басынан 3 сотталған мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып, міне тағы 6 сотталған бизнес жоспарларын қорғап, қаражат ұтып алды.Бүгін осы алты азаматқа сертификаттары табыс етілді. Пробация есебіндегі сотталғандардың жеке кәсіп ашуы, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, қоғамға тез бейімделіп кетуіне септігі мол дейді",-әділет майоры Ф.Сембаева.
"Бизнес жобам мақұлданып, мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алғаныма қуанып тұрмын. Енді кәсібімді ашатын боламын. Кондитер өнімдерін шығарып, халыққа сапалы өнім ұсынамын.Кондитерлік өнімдер әрдайым сұраныста. Кондитерлік өнімдер шығаруға қажетті құрал-жабдықтар, арнайы заманауи аппараттар сатып алып кәсібімді бастаймын. Жеке кәсіп ашсам деген өтінішіме құлақ асып,көмек көрсеткен жергілікті атқарушы органдар мен Қызылорда қалалық пробация қызметіне алғысым шексіз", -деді есептегі азаматша.