Қызылордада тағы да пробация есебіндегі 6 азамат қайтарымсыз қаражат ұтып алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
13.08.2024 жылы Қызылорда қалалық пробация есебіндегі тағы 6 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олар «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, мал шаруашылығы, бойынша бизнес жобасын дайындап, 1 млн 476 мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша есепте тұратын сотталғандар әлеуметтік-құқықтық көмектерді алып жатыр, соның ішінде жеке кәсібін ашып дамытушылар саны көбейіп жатыр.
Қаз
Рус






