Полиция қызметкерін көлік қағып кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жол апаты Солтүстік Қазақстан облысында Челябинск – Новосибирск тас жолында болған. Полиция қызметкері қатты соққы салдарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Көлік жүргізушісі тәртіп сақшысын қағып өлітіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкерінің қызметте болмағаны анықталды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болады.
Қаз
Рус






