Қызылордадағы әскери басқару органдарында қорытынды сынақтар өтіп жатыр
170
Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарында қорытынды сынақтар өтіп жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазан айының ортасына дейін жалғасатын бұл шараға Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқарма және бөлімдердің жеке құрамы тартылған.
Әскери қызметшілер жалпы әскери жарғылар, арнайы, атыс, дене шынықтыру, мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарынан сынақ тапсырып жатыр. Қорытынды сынақтар оқу-жаттығу полигоны мен әскери мекеменің тұрақты орналасу пунктінде жүргізілуде.
Жергілікті әскери басқару органдарының үйлесімділігі мен даярлық деңгейі тексерілетін сынақтарда жеке құрамның теориялық білімдеріне, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жағдайына баға беріледі.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров

Әр оқу жылының соңында өтетін бұл қорытынды сынақтарда әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігі расталады. Осы арқылы жеке құрамның кәсіби деңгейі мен үлгеріміне баға берілмек, – дейді Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жоспарлау және үйлестіру бөлімінің бастығы майор Абай Молдағалиев.