Ыстыққа шыдамаған тұрғындар ойын алаңына түнеуде

514

Шымкент қаласында аптап ыстыққа шыдай алмаған тұрғындар ауладағы футбол алаңына төсек салып, түнеп шыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде тараған видеода үш қыз футбол алаңының қақ ортасына төсек салып қойған. Үшеуі де ұйықтап жатқан сияқты. Видео Нұрсат шағын ауданында түсірілген.


Желі қолданушылары бұл бастаманы қолдап жатыр. Себебі Шымкентте түнгі уақытта да қатты ыстық болып тұр. Ал көпқабатты үйлерде, әсіресе, кондицинер болмаса, түнде ұйықтау мүмкін емес.


"Жақсы идея екен, мен де далада қонып шығатын шығармын. Жақында таңғы 6-да жүгіруге шыққанда мен де далада ұйықтап жатқан көршілерді көрдім", - дейді адамдар.


Шымкентте аптап ыстық әлі де сақталады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, осы аптаның соңына дейін жаңбыр болмайды.


"Жаңбыр таулы аймақтарда ғана болуы мүмкін. Шығыстан жел соғады. Ал ауа температурасы күндіз -40-42 градус, түнде +22-24 болады", - дейді инженер-синоптик Мейірбек Қахарбеков.


Диетологтар аптап ыстықта қуырылған және тәтті тағамдарды азайтуға кеңес беріп отыр. Жеңіл тамақ жеген дұрыс. Соның ішінде көкөніс, жеміс-жидек, пісірілген балық, тауық пен салқын көже көбірек жеу керек. Арақ пен газдалған сусындар мүлдем ішпеген жөн.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.