Қызылордада газ баллоны жарылып, 4 бала ауруханаға түсті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылордада газ баллоны жарылып, жеке тұрғын үй қирады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылған.
ТЖД ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.
Қаз
Рус






