Қазақстан мен Ресей шекарасында 160 жүк көлігі тоқтап тұр

1 518

фото: 24.kgАқтөбе облысындағы «Жайсаң» автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясы бағытында 160-қа жуық жүк көлігі тоқтап тұр, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Комитет мәліметінше, кептеліске шекаралас ресейлік «Сагарчин» өткізу пунктінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп болған. 4 қыркүйектен бастап ресейлік тарап жол төсемін ауыстырып жатыр. Осыған байланысты көлік құралдарының қозғалысы бір жолақ бойынша реверстік режимде ұйымдастырылған.

Мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жайсаң» АӨП-нің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті және ресейлік тараптың автокөліктерді қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, олардың қозғалысын жылдамдату бойынша шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Осы мақсатта өткізу пунктіндегі жұмыс күшейтілді, көліктерді жақын маңдағы өткізу пункттеріне ішінара қайта бөлу ұйымдастырылды. Ал жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.