ХҚКО қызметтері уақытша қолжетімсіз: азаматтарға үндеу
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында жаңа сервис іске қосылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Корпорация таратқан ақпаратқа сәйкес, енді қызмет алушылар мемлекеттік қызметтердің техникалық қолжетімділігі жөніндегі мәліметті алдын ала біле алады.
Жаңа сервистің мүмкіндігі "ЦОН" мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, сондай-ақ ХҚКО бөлімдеріндегі электронды таблоларда көрсетілетін болады. Онда кез келген мемлекеттік қызметтің уақытша қолжетімсіздігі туралы жедел ақпарат беріледі.
"Бұл жаңашылдық арқылы азаматтар ХҚКО-ға баруды тиімді жоспарлай алады", – делінген хабарламада.
Жаңа жүйе қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және жүктемені азайтуға бағытталған.







